Қостанай облысында 28 әлеуметтік баспана салынып жатыр
Қостанай облысының Федоров ауылында 28 әлеуметтік баспана салынып жатыр.
Бұл аудандағы алғашқы ауқымды құрылыс. Тұрғын үйлер әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған. Бүгінде аудан бойынша 400 адам кезекте тұр. Ал жыл соңына дейін 77 пәтердің кілті табысталады. Нысандарды сатып алуға бюджеттен 1 млрд 400 млн теңге бөлінген.
Рақым Байменов, мердігер:
Әр шаршы метрінің құны 260 мың теңгеге шығып отыр. Бастан-аяқ әрленген. Еденіне линолиум төселіп, төбесі тартылған, есіктері, бүкіл сантехникасы орнатылған. Газ пеші, плитасы бар. Бәрі дайын, кір де тұра бер.
Әлеуметтік санаттағы азаматтарды баспанамен қамту бағдарламасы бойынша жеке компаниялар тұрғын үйлерді өз қаражатына салып, кейін әкімдікке өткізеді. Сапасына құрылыс компаниясы да, әкімдік те жауапты. Жалпы, Қостанай облысында биыл 500 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Оның ішінде кезекте тұрған отбасылар үшін бюджет есебінен 500 пәтер сатып алынады.
Карина Мұратова, Федоров ауданы әкімінің орынбасары:
Бұл жаңа бағдарлама. Үйлерді бөлуге әкімдік араласпайды. Кезекте тұрғандарға пәтерлер әлеуметтік тұрғын үй саясатын жүзеге асыратын негізгі оператор арқылы беріледі. Бастапқыда жалға берілетін бұл үйлерді болашақта жекешелендіру жағы да қарастырылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы