Алматыда кішкентай баланы тепкен ер адам қамауға алынды
Алматыда ойын алаңында баланы аяусыз тепкен ер адам қамауға алынды. Оқиға Алатау ауданындағы тұрғын үй кешенінің ауласында болған. 36 жастағы тұрғын балалар арасындағы жанжалға араласып, бүлдіршінге күш көрсеткен. Зардап шеккен бүлдіршіннің миы шайқалып, жағдайы нашарлаған соң ауруханаға жеткізілген. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматыдағы оқиға бойынша барлық қажетті көмек көрсетілетінін және жағдай қалалық уәкілдің бақылауында екенін хабарлады. Келеңсіз жағдайға байланысты Алатау аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
89 жылғы ер азамат баланы соққыға жығып, салдарынан бала жарақаттармен ауруханаға жеткізілген болатын. Күдікті қамауға алынды. Аса қатыгездікпен кішкентай 5 жасар баланы соққыға жыққаны үшін міндетті түрде заң алдында жауап береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы