ОПЕК+ мұнай өндіру квоталарын бекітті
Қазақстан, Ресей және басқа да ОПЕК+ елдерінің 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларына арналған мұнай өндіру көлемі белгілі болды.
ОПЕК+ бекіткен жоспарға сәйкес, алдағы жылдың алғашқы үш айында тәулігіне бекітілген мұнай көлемі мынадай:
Алжир тәулігіне 971 баррель, Ирак – 4 мыңнан аса, Кувейт – 2,580, Сауд Арабиясы – 10, БАӘ – шамамен 3 жарым, Қазақстан – 1,569, Оман – 811, Ресей – 9,574 баррель мұнай өндіруі қажет.
Бұл шешім 30 қарашада Сауд Арабиясы, Ресей, БАӘ, Ирак, Кувейт, Оман, Қазақстан және Алжир өкілдері қатысқан онлайн отырыста қабылданды. Кездесу барысында ОПЕК+ елдері дүниежүзілік экономикалық жағдай мен нарық өзгерістеріне қарай тәулігіне 1,65 млн баррель мұнай өндіруді біртіндеп немесе қажет болған жағдайда қайта арттыра алатыны да айтылды. Сонымен қатар өткен жылдың қаңтарынан бері артық өндірілген мұнай көлемі толық өтеледі. Ал ендігі жиын келесі жылдың 4 қаңтарында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы