Атырау облысында «Димаштөбе» тарихи мұражайы пайдалануға берілді
Аспан астындағы ашық музей соңғы жылдары бүлініп, қазба байлықтардың бірде-біреуі қалмаған еді. Сол себепті жауаптылар нысанды қайта жандандырып, қазір аумақ заманауи демалыс орнына айналды. Ал бұл жердің «Димаштөбе» деп аталуының себебі неде? Жалпы тарихы қандай?
Димаштөбе деп аталатын кешеннің жалпы аумағы 1500 шаршы метрдің құрайды. Мұнда дәл осындай 22 ыдыс қойылған. Оның ішінде Индер ауданына тиесілі пайдалы қазбалардың барлығы бар. Яғни келушілер тек қана көзбен көріп қоймай, осылай қолмен де ұстай алады.
Бұрын бұл жер «Оңдасын жалы» деп аталған. 1978 жылы Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың ауданға сапары кезінде осы төбеге пайдалы қазбалар қойылып, шағын музей ұйымдастырылған. Содан бері бұл аумақ «Димаштөбе» деп аталып кетті.
Марат Мұқанов, ардагер геолог:
Адамдардың бәріменен қол алысып, оған жете алмаймыз жеткізбейді. Жастармыз, әй сен бала тұра тұр деп. Қонаев бәрін қарап, мақтапты. Дендер ауданының потенциалы күшті екен. мынаны дамытпаса болмайды деген баға берді.
Аспан астындағы ашық мұражай Индербор кентінен шығысқа қарай 8 км қашықтықта Индер-Қарабау тас жолының бойында орналасқан. Жәшіктердегі қазбаларды жергілікті геолог мамандар бірлесіп қойған. Сондай-ақ «Димаш төбе», «Тұз көлі», «Қыз әулие» туралы ақпараттар жазылған тақтайшалар ілінген.
Жанай Амантурлин, Индербор кентінің тұрғыны:
Бұл енді тарихи орын. Болашақта маңызы өте зор. осы индерге келген адамдардың барлығы осы жерден барлық тынысымен таныса алады. Бұл әрине, жастар үшін өте қажет нәрсе.
Дарын Ілиясов, Индер ауданы құрылыс бөлімінің басшысы:
Осы айналаға демалуға, серуендеуге келетін тұрғындар бар көреміз күнде. Сұрайтынымыз енді жан-жағын таза ұстап, ұқыпты ұстап дегендей ғой. Сындырмай ештеңені.
Қазір нысан
құрылыс бөлімінің меншігінде. Жуырда Индербор кенті әкімдігінің балансына
беріліп, айналасын күтіп ұстау, абаттандыру жұмыстары басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы