Өзбекстанда аң-құсты заңсыз тасымалдау азаяр емес
Өзбекстандағы кеден бекеттерінде жабайы жануарлар мен өсімдіктерді заңсыз тасымалдау фактілері тыйылмай тұр. Соңғы 3 жылда 40-қа жуық осындай әрекет анықталған.
Бұлардың біразы қазақ-өзбек шекарасындағы бекеттерде орын алды. Кеден комитетінің хабарлауынша, 600-ге тарта жабайы аңдар мен 350-ден астам құс тәркіленген. Барлығы да Қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездесетін хайуанаттар. Мұнан бөлек, жануарлардың мүйізі мен терісін заңсыз алып өту әрекеті анықталды. Тексеру кезінде жан-жануарлармен қатар 8 мыңға тарта өсімдік түрлерін, 10 мыңға жуық ұсақ жәндіктерді тасымалдау әрекеті де әшкере болды. Кеден органдары оларды бірден зообақтарға тапсырады.
Аминжон Махмудов, Өзбекстан Республикасы кеден комитетінің бас инспекторы:
Адамдар көбіне жабайы жануарларды қол жүгіне жасырып алып өтуге әрекеттенеді. Кей жағдайда ұшақтардың жүк қоймасына немесе жеміс-жидектің арасына тығып өткізбек болады. Өкініштісі сол, қатыгездікпен қарау салдарынан жолда өлген жануарлар да бар.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06