Қарағанды облысының 30 мектебінде заманауи спорт алаңы ашылды
Қарағанды облысынның 86 мектебінде пәндік кабинеттер заманауи қондырғылармен жабдықталды. «Қазақстан халқына» қорының жобасы аясында химия, физика, биология пәндеріне басымдық беріліп, кабинеттер зертханалық, интерактивті және компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз етілді. Онымен қоса Теміртау қаласының 30 мектебінде заманауи спорт алаңдары ашылды. Оған 2,5 миллиардқа жуық қаржы бөлінген. Жаңа алаңға футбол, баскетбол және түрлі спорттық қондырғылар қойылды. Кейбір мектептерде хоккей корттары да бар. Енді заманауи спорт алаңдарында 24 мыңға жуық оқушы жаттыға алады.
Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы:
Қуантып жатқаны балалармыз болашақ мамандықтарын таңдап жатыр. Дәрігер боламыз деп жатыр, мұғалім боламыз деп жатыр. Мына инженерлік саласына бағыттайтын, 4 жаңа үйірме аштық. Жұмыс істеп тұрған 6 үйірмені жаңартып, мамандарды оқыттық. Оның да нәтижесін көруіміз керек.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындары: Спортшылар лайнерде тұрады
07.09.2026, 20:30
Дарынды оқушы –ұлт болашағы
07.09.2026, 20:28
Дала додасында дараланғандар
07.09.2026, 20:16
Омарташы мамандарды оқытпай, бал экспорты оңалмайды
07.09.2026, 20:16
Атырауда резервтегі әскери міндеттілер дайындықтан өтіп жатыр
07.09.2026, 20:15
Сауалнамаға қатысқандардың 82% қазіргі өміріне қанағаттанады
07.09.2026, 20:11
288 мектепте стоматологиялық кабинет жұмыс істейді
07.09.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
07.09.2026, 20:09