Ұлттық нейрохирургия орталығы сирек кездесетін операция жасады
Астанадағы балалар кардиохирургия орталығы эбштейн аномалиясы деп аталатын жүрек ақауына ота жасай бастады. Осылайша өте сирек кездесетін туа бітті ақауға тың тәсілмен ем қолдану әлемде алғаш рет Астанада жүргізілді. Бір айға созылған шеберлік сағатында барлығы 47 балаға ота жасалды. Олардың 16-сы осы эбштейн аномалиясымен тіркеуде тұрған. Негізгі әдіскер Аутралиядан келген профессор. Одан бөлек, АҚШ, Оман, Индонезия, Сауд Арабиясының дәрігерлері де тәжірибелерімен бөлісті. Ал астаналық дәрігерлер өзге әріптестеріне тың тәсілді үйрете бастады.
Амангелді Керімқұлов, балалар кардиохирургия орталығының директоры:
Біз бұл операция кезінде қосымша синтетикалық бөгде заттарды қолданбадық. Бұл жақта өзінің жүрегінің бір бөлігін алып, сол клапанды құрастыру үшін қолдандық. Өзінің тінінен жүрекке пластика жасадық десе де болады. Ең басты ерекшелігі неде? Ол бұл операциядан кейін мүмкін болашақта басқа операцияны қажет етпейді.Динара Сауытбекова, Түркістан облысының тұрғыны:
Жақында қызым ауыр дертпен операция өтті. Қызымның жасалған операциясы өте сәтті өтті. Бұл ауыр дертпен туғаннан бері ауырады. Біз жылда осында қаралуға келіп тұратынбыз. Бірақ ешқандай емі болмады.Өзіміздің отбасымыздың атынан. Алғысымыз шексіз.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
12.05.2026, 10:34
Қарағанды облысында 5 полиция қызметкері «ерлігі үшін» медалімен марапатталды
12.05.2026, 10:33
Мектептегі буллинг: 272 ата-анаға айыппұл салынды
12.05.2026, 10:31
Бейжіңде Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
12.05.2026, 10:30
Трамп Тегеранның бейбітшілік туралы ұсынысын қабылдамады
12.05.2026, 10:16
Ресейде хантавирусқа қарсы вакцина шығарылмақ
12.05.2026, 10:12
Еуропада кеме жолаушыларының бірінен хантавирус анықталды
12.05.2026, 10:10
Хантавирус тараған кемеде эвакуация аяқталды
12.05.2026, 10:09