Басты Жаңалықтар Енді жедел жәрдем орнына алғашқы медициналық көмек мамандары келуі мүмкін

Енді жедел жәрдем орнына алғашқы медициналық көмек мамандары келуі мүмкін

Енді сырқаттанып қалсаңыз, жедел жәрдемді емес, өз емханаңыздағы дәрігерлерді шақырта аласыз. Денсаулық сақтау министрлігі арнайы бұйрық жариялады. Бірақ, дәрігерлер тек төртінші дәрежедегі, яғни диспансерлік есепте тұрған және шұғыл көмекке мұқтаж науқастарға ғана барады. Сондай-ақ, олар тек жұмыс уақытында, таңғы сегізден кешкі сегіз аралығында ғана келеді. Ал түнде жедел жәрдем қызмет көрсетеді. Дәрігерді үйге шақырту науқастарға медициналық көмек жедел көрсетілуі үшін жасалып отыр.
Ләззат Шоманова, ҚР ДСМ МӘМС жүйесін талдау және дамыту департаментінің директоры:

Өзіңіз территориясында тіркелген науқастарды поликлиниканың мамандары уақытылы қарап, соларға профилактика жасап, дер кезінде көмек береді. Ал басқа кезде дәл сол науқастар көмексіз қалмас үшін жедел жәрдем көмек көрсете береді. 
Шақыртуға шыққаны үшін алғашқы көмек беретін мамандардың жалақысы өсуі мүмкін. Министрлік бүгін бұйрықты қоғамдық талқылауға шығарды. Халықтың пікірі қандай?
Менің ойымша, өте дұрыс. Неге төленбеу керек оларға? Өзім кезінде жедел жәрдемде жұмыс істегем. Өте қиын жұмыс.
Дұрыс емес ол нәрсе деп ойлаймын. Мен мүлдем МӘМС дегенге қарсымын.
Олар күні-түні жұмыс істейді. Өзімнің сыныптасым фельдшер болып жұмыс істеді ғой. Оңай емес жұмыстары. Айлықтарын көтеру керек деп ойлаймын.
Енді олардың еңбектері бар ғой қанша дегенмен. Күні-түні жұмыс істейді ғой халық үшін. Дұрыс деп ойлаймын өз басым. 

Бөлісу