«Ақтау-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы қорытындыланды
Ақтауда түркі әлемінің мәдени астанасы жылы қорытындыланып, дәл қазір галаконцерт өтіп жатыр. Оған түркітілдес мемлекеттердің мәдениет министрлері және Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым арнайы қатысуда. Сондай-ақ салтанатты шарада шетелдік 150-ден астам өнерпаз өнер көрсетіп жатыр. Өңірдегі тілшіміз Аягөз Оралбайқызы тікелей эфирге қосылды
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Салтанатты шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жергілікті өнерпаздармен қатар шетелдік әншілер мен бишілер де өнер көрсетуде. Түркітілдес елдердің өкілдері Ақтаудағы шаралардың ерекше форматта, өзге өрнекпен өткізілгенін айтуда. Айта кетейік, биыл облыс орталығында түркітілдес елдердің ғалымдарын, зиялы қауым өкілдері мен өнерпаздарының басын қосқан халықаралық деңгейдегі 30-дан астам шара өтті. Ашылу салтанатының өзіне 1 мыңнан аса өнерпаз қатысып, 150 мыңнан астам көрермен жиналды. Одан кейін бауырлас елдердің өкілдері «Амал» мерекесінде бас қосты. Ал 22-наурыз күні Ақтауда 5мың адам ұлттық киіммен жиналып, Гиннесс рекордтар кітабына енді. Одан бөлек, «Түркі жас қаламгерлері», «Жұмбақ бояулар» суретшілер симпозиумы, ІІІ халықаралық театр фестивалі сияқты ауқымды шаралар өтті. Бұл өңірдің туристік әлеуетін арттыруға аса ықпал еткен. Ал келесі жылы түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесі - Өзбекстанның Әндіжан қаласына берілді.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16