Әкімдер Ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерді талқылады
Ауыл әкімдерінің диалог-платформасына қатысушылар бүгін бірнеше тақырыпты талқы-таразыға салды. Соның бірі – ауыл шаруашылығына арналған. Бұл өте маңызды бағыт. Өйткені, ауылдағы ағайынның басым бөлігі ата кәсіппен айналысып, егін егіп, бау-бақша ұстап отыр. Негізгі кәсіп түрі сол. Бірақ, осы бағытта түйткілдер де жоқ емес.
Ауыл шаруашылығы. Тұтас бір саланың атауы – ауылдың тынысын айшықтап тұр. Урбанизацияның уысында үзіліп кетпей тұрған ауылдардың негізгі күнкөрісі, кәсібі - осы шаруашылық. Мемлекет те шалғайдағы ағайынның қожалық ұстап, табыс табуына мүдделі. Бірақ, қолдау одан әрі арта түссе дейді әкімдер.
Әділет Мұсағалиев, БҚО Қаратөбе Ауданы, Қоскөл ауылдық округының әкімі:
Қазіргі таңда мынау коперативтерге берілетін субсидиялар кішкене тоқтап қалып жатыр. Соны да мана мәселе қылып көтергенбіз. Жалпы алдағы уақытта ауыл шаруашылығы саласында, соның ішінде мынау коперативтерге берілетін субсидияны тоқтатпаса деп, себебі біздің ауылымызда коперативтерге біріктіріп, ауылда малды тегін бақтыруды ұйымдастырып отырмыз. Бұның өзі бір көмек.Жер телімдерін игеру, астықты алқапты суару және қоқыс полигондарын салу сияқты өзекті мәселелерді жауапты министрлермен бірге әкімдер талқылап жатыр. Мақсат – ауылдың дамуына қолайлы жағдай жасау.
Алматы облысы, Талғар ауданы, Нұра ауылдық округының әкімі:
Ауыл негізінен біздің еліміздің тірегі ғой. Сол ауылға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп, көркейту қолға алынып жатыр. Елдің үмітін ақтау деген өте үлкен жауапкершілік. Сол елдің үмітін қайтсек ақтаймыз деп, тырысып жатырмыз.Әкімдер жалқыға да, жалпыға да ортақ мәселені ортаға салып, оң шешімін іздеді. Олар өте белсенді. Себебі, қазір сайланған әкімнің иығында ауылдың аманаты бар.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматылық Falcon EuroBus компаниясы Пәкістанға 600 электр автобусын жеткізеді
08.02.2026, 18:53
Жаңа Конституцияда теңге ұлттық валюта ретінде бекітіледі
07.02.2026, 20:37
Белградтағы баскетбол матчында Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
07.02.2026, 20:08
Испаниядағы турнирде 11 қазақ боксшысы финалда жұдырықтасады
07.02.2026, 20:07
Н.Нәлібаев: Конституцияның жаңа жобасындағы экологиялық нормалардың маңызы зор
07.02.2026, 20:07
Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
07.02.2026, 20:06
XXV қысқы Олимпиада ойындары басталды
07.02.2026, 20:06
Д.Трамп Иранмен сауда жасайтын елдердің тауарларына тарифті көтермек
07.02.2026, 20:05