Басты Жаңалықтар Президент: Әкімдіктер жергілікті мәселеге атүсті қарайды

Президент: Әкімдіктер жергілікті мәселеге атүсті қарайды

Әкімдіктер жол, аула және балалар алаңы сияқты жергілікті мәселеге атүсті қарайды. Бүгін 2,5 мыңнан астам әкім жиналған бас қосуда Президент  осылай деді. «Елімізде азаматтардың өтінішін қарауға қатысты ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір ауыл әкімі бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы тұрғындардың мәселелерін еш қиындықсыз сараптай алады. Өтініш жолдаған әрбір адамның сауалына нақты жауап берілуі тиіс. Бірақ әкімдіктер көп жағдайда мұндай өтініштерге атүсті қарайды. Амалы таусылған жұрт орталыққа, тіпті, Президент Әкімшілігіне шағымдануға мәжбүр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «салықты жұмыс істейтін және табыс табатын жерде төле» қағидатын іске асыруды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Кей кәсіпорындар ауылдық округтарда пайда табады, жергілікті тұрғындардың еңбегін қолданады, бірақ салықты өздері тіркелген аудан немесе қала бюджетіне төлейді.Сондықтан Үкімет бұл қағидатқа теңгерімді тәсіл қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Қанша дегенмен жергілікті жерлерге де  қандай да  бір кіріс түсуі қажет қой. Яғни «салықты жұмыс істейтін және табыс табатын жерде төле» қағидатын іске асырған жөн.

Сондай-ақ Президент бір палаталы парламент құру бастамасына тоқталдыПарламенттік реформаекі палатаны жай біріктіре салу деген сөз емес. Депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ. Керісінше, оңтайландыру керек, жұмысын жетілдіру қажет. Мысалы, бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды. Барлық депутат бірдей тәртіппен сайлануы қажет. Бұлалдағы Парламенттік реформа аясында жасалатын аса маңызды қадам. Мұны жақсы ұғынып, жұртшылыққа кеңінен түсіндіру қажет, -деді Мемлекет басшысы. Форумға жиналған ауыл әкімдері қордаланған мәселелерге де тоқталды.

Нұрлан Назарханов, Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің әкімі:
Ауылда қорладанған мәселелер бар. Бірінші кезекте ауылда – ауыз су бағдарламасы аяқталу керек, оған толық мүмкіндік бар. Одан кейін ауылдың жолдарын жөндеу, бұл да үлкен мәселе. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған форум – біз үшін кездесу алаңы. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген әкімдермен кездесіп жатырмыз. Біздің алдыға қойған мақсат – ауыл халқы өзі сайлағаннан кейін өз аулымызға қызмет ету.
Бөлісу