Басты Жаңалықтар Ақтаулық өнертапқыш оқушылардың жобасы мектеп бағдарламасына енгізілді

Ақтаулық өнертапқыш оқушылардың жобасы мектеп бағдарламасына енгізілді

Ақтаулық оқушылар балабақша мен мектептерде робототехниканы оңай үйретуге арналған бағдарлама жасап шығарды. Сондай-ақ, оны «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған білім беру ұйымына енгізген. Өнертапқыш балалар тағы бір жоба - ұлттық мәдениетті технология тілімен сөйлететін жаңа виртуалды музей ойлап тапқан. Аягөз Оралбайқызы тарқатып айтады.

Екі жобаны да Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары жүзеге асырды. Оның біріншісі - Эссевен роботикс 4-6 жастағы балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларына арналған. Ол арқылы балалар топ болып робот құрастырып, жарыстарға дайындалады.

Батырхан Амантай, Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы:

Біздің мақсатымыз - ол робототехника саласын облысқа қол жетімді жасау. Бұл бағдарламаның преимуществасы біріншіден Маңғыстау облысындағы нарық өте бос. Сондықтан робототехника үйірмесін өз мектебінен немесе балабақшаға алу бұл өте үлкен ерекшелік. Бірақ өкінішке орай, Маңғыстауда көп директорлерге сол роботатехника саласы қызық емес. Оларға құрал-жабдықтар берілген бірақ, олар онымен өз басына алғысы келмейді.

Эссевен роботикс бағдарламасы 2 балабақшаға, бір жекеменшік мектеп пен «Келешек мектептері» жобасымен салынған білім беру ұйымына енгізілген.

Бекарыс Серікқали , №32 мектептің директоры:

Қазіргі кезде бұл бізде жүріп жатқан жоба. Ақтау НИШ пен бірге меморандумға отырдық. Себебі, Келешек мектептерін білесіздер, толықтай жабдықталған бізде робототехника бойынша басқа мектептерде жоқ жабдықтар бар. Дәлірек айтатын болсақ FIRST деген жарыс бар осы робототехниканың ішінде. Біздің оқушыларымыз НИШтің оқушыларымен бірге дайындалып жатыр.

Екінші стартап жоба тарих пәніне арналған – Рухвиар деп аталады. Бұл алғашқы виртуалды музей, VR көзілдірігін таққан сәтте қолданушы қазақтың тарихы мен тұрмысын 3D форматта көре алады. Сонымен қатар, AR карточкалары арқылы да біраз мағлұмат алуға болады.

Бекжан Аманжол, Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы:

Қазіргі таңда оқушылардың көбісі Қазақстан тарихына қызықпайды, және оларға осы дәстүрлі форматта кітаппен оқу олар үшін қызықсыз. Біз осы мәселені ескере отырып, тарихымызды, ұлттық құндылықтармызды дәріптеу мақсатында, жастарға қызықты ету үшін жаңа технологиялар арқылы осы жобамызды жасадық. «Тас дәуірінде адамдар мамонт сияқты ірі жауарларды аулап, етін азыққа терісіз киім мен баспанаға қолданды» міне, осындай сияқты оның 3D моделі көрсетіледі.

Аталған жобалар облыс көлемінде жеңімпаз болып, гранттар жеңіп алған. Бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектебінде 50 ге жуық жоба бар. Олардың басым бөлігі жасанды интеллектпен жасалған аити саласындағы стартаптар.

 

 

Бөлісу