Басты Жаңалықтар Өзбекстанда экологиялық ахуал қиындап барады

Өзбекстанда экологиялық ахуал қиындап барады

Өзбекстанда ірі кәсіпорындар ауаны ластайтын қалдықтарды 2 есе азайтуға міндеттелді. Талапты орындамаған зауыт басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ал ауаға зиянды түтін шығаратын жылыжайлар уақытша жабылды. Көрші елде экологиялық ахуал уақыт өткен сайын қиындап барады. Сондықтан үкімет шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Өндірістік нысандарға 10 күн уақыт берілді. Егер осы мерзімде атмосфераға тасталатын зиянды қалдықтың мөлшерін азайтпаса қатаң жазаға тартылып, қомақты айыппұл арқалайды. Ауаның ластануына түтіннен бөлек, шектен тыс құрғақшылық та өз әсерін тигізіп отыр. Жағдайды сәл де болса жеңілдету үшін субұрқақтар қайта іске қосылды. Коммуналдық қызмет арнайы көліктермен су шашып, шаңды басуға тырысып жатыр.

Еркін Абдулахатов, Гидрометеорология ҒЗИ зертханасының меңгерушісі:

Ауада шаң-тозаң тым көп, ұзақ уақыттан бері жаңбыр жаумады. Кәсіпорындардан, жылыжайлар мен көліктерден шығатын түтін тағы бар. Шұғыл штаб құрылып, жағдайды реттеу үшін күн- түн демей жұмыс істеуге көшті. Топ құрамында құрылыс, энергетика секторларының, экология және көгалдандыру қызметінің өкілдері, ғалымдар бар.


Бөлісу