Басты Жаңалықтар Ж. Нәжімеденовтің 90 жылдығына орай поэтикалық кеш өтті

Ж. Нәжімеденовтің 90 жылдығына орай поэтикалық кеш өтті

Алматыда жүрегін жыр тербеген көрнекті ақын, мемлекеттік әнұранның авторы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған поэтикалық кеш өтті.

Кеш барысында ақынның терең тебіреніске толы шығармалары біріктірілген таңдамалы жаңа жинақ таныстырылды. Шараға ақын-жазушылар, 95 жылдық тарихы бар «Ұлан» газетінің жас тілшілері және мектеп оқушылары қатысты. Жиында Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығы мен өнегелі өмір жолы туралы естеліктер айтылып, ұлт руханиятына қосқан үлесі сөз болды. Сондай-ақ кездесу аясында еліміздің әр өңірінен қатысқан оқушылар арасынан үздік шыққан «Туған жерім менің, Қазақстаным» атты республикалық әңгімелер байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ұйымдастырушылар шарада ақынның жүрек лүпілінен туған жырлары бүгінгі жас ұрпақтың асқақ армандарымен астасып жатты. Сөйтіп, ерекше тағылымы бар рухани кешке айналды, дейді.

Шерхан Талап, ұйымдастырушы:

Ж.Нәжімеденовтің шығармашылығы жұмбақ көрінгенмен, дендеп оқысаңыз астарлы, терең ойға жетелейтін, нағыз талғамды поэзия деп ойлаймыз. Жұмекенді әнұран авторы ретінде білсек те, оның қаншама таңғажайып өлеңдері бар. Оның туған жеріне табанымыз тигенде оның өлеңдерінде өзінің бояуын, жүрекпен түсініп ұғынғандай болдық.


Бөлісу