Басты Жаңалықтар Абай облысында жол сапасын қадағалайтын мекеме қайта ашылды

Абай облысында жол сапасын қадағалайтын мекеме қайта ашылды

Абай облысында  «Қалбатау-Майқапшағай» тас жолының бойында жолды күтіп ұстайтын арнайы бөлім ашылды. Жарты ғасырдан астам уақыт жаңартылмай, тозған нысан жаңғыртудан өткен. Жаңа техникамен, жұмысшылармен қамтылды. Республикалық жолдағы ең ауыр учаске, Көкпекті ауданындағы Байбура асуы саналады. Былтыр онда 100 ден астам көлік тәуліктеп қар құрсауында қалып, адамдар тікұшақпен құтқарылған. Мамандар енді қыста көлік қатынасын бөгетсіз қамтуға мүмкіндік туды, - деп отыр.

Гүлдарай Мұхамадиева, Жол сапасын қадағалайтын мекеменің бөлім басшысы:

Табиғатқа қарсы шыға алмаймыз. Қар да болып тұрады. Бәрі де болып тұрады. Сол жолды ашып, тазартып келе жатқан адамдарды тоқтатпай өткізу біздің міндетіміз. Жұмыс та көбейеді. Қазір интенсивность та үлкен. Машиналар да көп. Қытаймен шекара жақын. Жүк машиналары көп жүреді.
Көкпекті ауылында салынған жол сапасын қадағалайтын мекеменің өндірістік, әкімшілік ғимараты мен арнайы техникалар тұрағы бар. Жолға себілетін құм мен реагенттер сақтайтын қойма да қарастырылған. 10-нан астам ауыр техника беріліп, мамандар саны артты.

Алмат Шойынбаев, «Қазавтожол» ҰК АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары:

Биылдың өзінде жаңа 14 үлкен техника берілді. Жаңадан салынған ДЭУ-ді айта кететін болсақ, бұл 69-жылы салынған. Содан бері былтыр 2024 жылы басталған 4 гектарлық үлкен мекемеміз аяқталып, лентасы қиылды. 24/7 сағат жұмыс істеп отырады.
 


Бөлісу