Басты Жаңалықтар Қостанайда орман ағашын заңсыз кескендер ұсталды

Қостанайда орман ағашын заңсыз кескендер ұсталды

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында өртенген орман ағашын заңсыз кескендер ұсталды. Қылмыстық схеманы облыстық прокуратура мен полиция қызметкерлері бірлесіп әшкерелеген. Жедел ақпаратқа сәйкес  қылымысқа қатысы 20 адам анықталды. Олардың бірі аукцион арқылы орман қорын өңдеуге алған өкілеттілігін  асыра пайдаланған. Қарағайды рұқсатсыз кесіп, сатумен айналысып келген.

Қуандық Алпыс, ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

Тергеу іс-шаралары барысында  арнайы техника, көлік құралдары,  дайындалған ағаш, сондай-ақ шикізатты дайындау және айналымына қатысты құжаттар тәркіленді. Заңсыз схеманың барын растайтын айғақтар мен дәлелдер алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  Келтірілген шығын көлемі анықталуда.  
 

Бөлісу