Жеке тұрғын үйде автономды дабыл қондырғысын орнату міндетті
Иә тілсіз жау айтып келмейді... Сондықтан елде жеке тұрғын үйлерде автономды өрт датчиктерін пайдалану міндетті. Жылыту маусымы қарсаңында Төтенше жағдайлар министрлігі осыны тағы да еске салды. Айта кетейік, ведомство маусым айында өрт қауіпсіздігі ережесіне өзгеріс енгізді. Осы уақытқа дейін 31 мыңға жуық құрылғы орнатылған. Ол улы газ және түтіннен иіс тиюден адам өмірін сақтап қалады дейді мамандар. Ал құрылғының бағасы қолжетімді деп отыр.
Ерлан Төрегелдиев, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің басшысы:
Қолымдағы мына датчик маркетплейстерде 2,5 мың теңге тұрады. Бір шыны кофенің бағасы. Қарапайым құрылғы сигнал беру арқылы өрттің алдын алады. Айталық, бұл - газ датчигі. 3 батареямен жұмыс істейді. Улы газдың иісі шықса бірден дабыл дыбысы қосылып, адамды ұйықтап жатқан жерінен оятады. Дәл осындай түтінге реакция беретін датчиктер бар.
Министрліктің дерегінше, былтыр осындай 13 датчик іске қосылып, 36 адамның өмірін сақтап қалған. Алдын алу жұмыстар барысында халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 108 мың тұрғын үй, 225 мыңнан астам көпбалалы отбасында жылыту және электр жүйелерін жөндеу, түтін мұржаларын тазарту жұмыстары жүргізілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы