Алматыда тұрмыстық бұйымдар көрмесі өтіп жатыр
Алматыда MAYER EXPO ASIA ұйымдастырған 4-Халықаралық көрме өтіп жатыр. Шараға 9 елден келген 127 компания қатысуда. Олардың ішінде Қытай, Италия, Түркия, Латвия, Ресей, Өзбекстан елдері бар. Көрменің басты мақсаты – өңірлер арасындағы экономикалық байланысты күшейту, жаңа бизнес мүмкіндіктерін ашу, дейді ұйымдастырушылар.
Бұл – 220 жылдық тарихы бар Пәкістандық компанияның өнімдері. Мұнда сұлулық пен денсаулыққа арналған жақпа майлар қойылған. Барлық өнім дәстүрлі әдістер мен қазіргі заманғы технологияларды біріктіріп дайындалған.
Зарка Таймур, «Elements Skincare» компаниясының басшысы:
Өнімдеріміз табиғи, емдік шөптерден дайындалған. Құрамында химиялық қоспалар жоқ және иіссіз. Қазақстанға алғаш рет келіп отырмыз. Бізбен серіктес болып, өнімімізді жеткізуге келісім жасайтын қазақстандық компаниялар іздейміз. Және де сіздердің елдеріңіз арқылы Орталық Азия нарығына шығуды жоспарлап отырмыз.
Бұл жолы көрмеде 9 елдің компаниялары әртүрлі өнімдер топтамасын ұсынды. Оның ішінде тұрмыстық бұйымдар, ас үй жабдықтары, кір жуғыш ұнтақтар, әмбебап тазартқыш пасталар мен майлықтар бар. Ал отандық «Аспан» компаниясы 20 жылдан аса уақыт сусабын мен бет күтіміне арналған өнімдер шығарады. Отандық фирма заманауи дизайнымен және қолжетімді бағасымен танымал.
Жанар Әбілова, көрме директоры:
Биыл біздің көрмемізде алғаш рет еуропалық брендтер ұсынылып отыр. Биыл көрмеміздің жаңа бір бағыты - RealTech. RealTech желілерге арналған программалық тауарлар өз қызметтерін ұсынып отыр. Ол автоматтандыру, системаны жүйелеу құрылғылары.
Көрме 28 қарашаға дейін жалғасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын оған деген қызығушылық артып келеді. Алғашқы күні-ақ 159 компания келіссөздер өткізіп, болашақ келісім шарттарын талқылады. Мамандар бұл шараны экспорт пен импортты дамытуға үлкен мүмкіндік деп бағалайды.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05