Басты Жаңалықтар Алматы облысының экономикасы ₸6 трлн дейін өсті

Алматы облысының экономикасы ₸6 трлн дейін өсті

Алматы облысының экономикасы үш жылда 3,4 трлн теңгеден 6 трлн теңгеге дейін өсіп, республика бойынша 10-ыншы орыннан 5-інші орынға көтерілді. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бүгін орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында баяндады.

Алматы облысы ірі өнеркәсіптік өңірлерден озып, шикізаттық емес экономикаға негізделген өсудің драйверіне айналды. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,7 пайыз болды. Барлық негізгі салаларда оң үрдіс жалғасып жатыр. Әсіресе өнеркәсіп саласы айрықша өсім көрсетіп, 2,1 трлн теңгеге жеткен.

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

Осылайша аграрлық бағытпен ғана шектелмей, инновациялық технологиялар мен өңдеу өндірісін дамытатын жетекші өңірге айналып отырмыз. Өңірлік өнімнің 3/1 бөлігі өнеркәсіп саласына тиесілі. Бұл сала – инвестиция тартудың негізгі көзі.
Алматы облысында әлеуметтік осал санатқа жататын екі мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Әкімнің айтуынша, биылғы 10 айда облыстағы құрылыс көлемі 21% өсіп, 948 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:
2023-24 жылдары 1500 отбасы баспанамен қамтылса, биыл 1700 әлеуметтік осал топтағы отбасына үй беріледі. Сонымен қатар мелекеттік бағдарламалардың аясында аудандарда – Ұйғыр, Кеген, Үлкен Ақсу, Бақанас ауылдарында мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа үйлер салынып, сатып алынып жатыр. Бұған дейін 10-20 жыл бойы салынбаған еді.
Соңғы үш жылда Алматы облысында үш ауысымда білім беретін мектептер саны 52-ден 28-ге дейін қысқарды. 2022 жылдан бері 45 жаңа мектеп және 6 жапсаржай салынды, сондай-ақ 55 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Бұл жұмыс одан әрі еселен түспек.


Бөлісу