Қарағандыда көпқабатты үйлердің өзі көмір жағып, түтіндетіп отыр
Қарағанды қаласының іргесінде орналасқан бірнеше шағын аудан әлі де орталық жылу жүйесіне қосыла алмай келеді. Көпқабатты үй тұрғындары жылдар бойы көмір тасып, пеш жағып күнелтуде. Мәселен өңір орталығынан 15 шақырым жердегі Фин елді мекенінде тұрғындар пәтерін көмірмен немесе электр қуатымен жылытып отыр. Көптеген отбасылар жылдар бойы пеш жағудың машақатын тартып келеді. Ал жергілікті билік алдағы бірнеше жылда мұнда газ тартуды жоспарлап отыр.
Әйгерім Тілеубердинова, қала тұрғыны:
Бізде жылу жүйесі – электр қазандық, көршілерімізде пеш. Көмір тасып, күл шығарады. Ыңғайсыз енді, көбі жұмыс істейді. Суық болады, кешке қарай бір-ақ жағады пешті. Бізде электр қазандығы, ыңғайлы бірақ айына ақшасын көп төлейміз.
Қарағанды қаласындағы Қазыбек би ауданының өзінде 1747 көпқабатты тұрғын үй бар. Соның 1683-і орталық жылыту жүйесіне қосылған. Қалғаны кезең-кезеңімен шешілмек. Сондай-ақ алдағы жылдары темір-бетон зауытының маңы мен Новоузенка елді мекеніндегі үйлерге газ тарту жоспарланып отыр. Ал Шахтёр ықшам ауданындағы көпқабатты 59 үй, яғни 1000-нан аса пәтер 35 жылдан соң орталық жылу жүйесіне қосылды.
Гамзат Ысқақов, Ә.Бөкейхан ауданы ТКШ бөлімінің бас маманы:
Қазіргі таңда бұл аталған үйлер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылып, жылумен қамтамассыз етілген. Балалар үйі мен мектеп келесі жылға қалдырылды. Оған қаржы облыстық бюджет тарапынан бөлініп, келесі жылы қосылатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы