Түркістан облысында «Chocоlatine Kazakhstan» байқауы өтті
Түркістан облысында колледж студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері арасында «Chocоlatine Kazakhstan» халықаралық байқауы өтті. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған шараның өтуіне Францияның Қазақстандағы елшілігі мен Францияның «Куп Дю Монд Де Ла Шоколатин» халықаралық қауымдастығы және Түркістан облыстық білім басқармасы ұйытқы болды. Байқауға Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген «Юниор» және «Профессионал» кәсіби мамандар санаты бойынша 22 үміткер қатысуда. Жастар кондитерлік өнер бойынша біліктілігін арттырып, шеберліктерін шыңдады. Өзара тәжірибе алмасты. Қазақстан мен Орталық Азияның бай гастрономиялық мұрасын әлемге кеңінен танытуға атсалысты. Жеңімпаз студент Орталық Азиядан ең үздік үміткер ретінде келер жылы наурызда Францияда өтетін Әлем чемпионатына қатысады.
Мұхамедәлі Берден, студент:
Менің бұл жарысқа қатысқандағы мақсатым – Францияға бару. Францияға барып, өзімнің шеберлігімді бұдан да арттырып, жалпы үйреніп, өзімнің ресторанымды ашып, жалпы мақсатым – Мишень жұлдызына шейін жету.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы