Өрттен сақтану нұсқаулықтары Брайль шрифтімен жазылды
Көзі көрмейтін жандар өрт шыққан кезде қалай әрекет ету керек? Әсіресе кішкентай балалар.
Бұл ерекше адамдарға арналған ғимарат ішіндегі апаттық шығу жоспары. Павлодарлық өрт сөндірушілер жасаған. Жолды жарық түсіру арқылы көрсетіп, дыбыстық белгі беріп тұрады. Одан бөлек зағип жандарға арналған арнайы нұсқаулықтар бар.
Арман Арын, Павлодар ТЖБ бас маманы:
Облыстық кітапханамен бірлесіп жадынамалар, одан кейін қысқа 10 бетті брошюралар дайындаған болатынбыз. Брошюраның барлық беттері Брайль шрифтімен берілген. Сондықтан да өте нашар көретін балалар толықтай өздері ешкімнің көмегінсіз оқи алады.
Бұл жаңашылдыққа алдымен арнайы мектеп-интернаттың оқушылары куә болды. Білім ошағында негізінен көру қабілеті нашар және даму мүмкіндігі тежелген балалар тәрбиеленеді. Нұсқаулықтар қарапайым әрі ұғынықты жасалғандықтан жеткіншектер бірден түсініп алды.
Светлана Егорова, арнайы мектеп-интернат оқушысы:
Бізге өрт шыққан кезде 101 немесе 112 нөмеріне хабарласу керек деп айтты. Ғимарат жанып жатқанда еденге жата қалып, еңбектеп шығу керек. Ауыз бен мұрынды дәкемен жапқан дұрыс. Жедел сатыға мінуге болмайды.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16