Әрбір төртінші адам қайырым қорларына сенбейді
Әрбір төртінші қазақстандық қайырымдылық қорларының жұмысына сенбейді. Ал әрбір екінші азамат таңдаулы қорлар мен қайырымдылық жасайтын адамдарға сенім білдірген. Sarap сарапшылар клубының жүргізген зерттеу нәтижесі осындай. Мамандар отбасы құндылықтарына қатысты да талдау жүргізген. Оның қорытындысы бойынша отандастарымыздың басым бөлігі бала тәрбиесі мен отбасындағы тыныштыққа ерекше көңіл бөледі. Бір жылдық жұмыстарын қорытындылаған сарапшылар осындай зерттеу нәтижелерін саяси-әлеуметтік шешімдер қабылдап, түрлі реформалар жүргізген кезде ескеру керек дейді.
Бауыржан Серікбаев, қоғамдық даму институтының сарапшысы:
Әрбір министрліктің өкілінің саласына байланысты, жұмысына байланысты тиісті ұсыныстар беріледі. Сонымен қатар аймақта болып жатқан мәселелер болса әкімшіліктерге тиісті қорытынды сараптама жасалып, әкімшіліктерге ұсыныстар беріледі. Одан кейін орталық органдарға ұсыныстар беріле отырып, олар біздің Сарап эксперттік клубында қабылданған, талқыланған мәселелерді өздерінің жұмысына алатын болады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00