Жоғарғы Сот нормативтік қаулыларды түзетті
Қазақстанның Жоғарғы Соты қылмыстық және азаматтық процестер бойынша нормативтік қаулыларды жаңғырту жұмысын аяқтады. Айталық, қылмыстық Кодекстегі терминдерге сәйкес келмейтін нормалар қайта қаралып, 56 нормативтік қаулының қазақша мәтініне лингвистикалық сараптама жүргізілді. Оның ішінде 15 құжатқа түзетулер енгізілді. Ең алғаш нормативтік қаулы 1992 жылы қабылданған. Қазір оған заманауи форматтағы жаңартылған сөздер енгізіліп отыр. Мұның барлығы біркелкі сот практикасын қалыптастыру үшін қажет дейді судьялар.
Еркеш Мәукен, Жоғарғы сот судьясы:
Бұрын нормативтік қаулыда мысалы «жауапкершілік» деген сөз болған да. Қазіргі Қылмыстық Кодексте ол сөздің орнына «жауаптылық» деген сөз таңдалып отыр. Сол Қылмыстық процесті қылмыстық Кодекске сай келтіріп отырмыз түзетулерді.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup: 2-тур ойындарының соңғы матчтары өтеді
23.06.2026, 20:31
Д.Сәтпаевтың трансферлік құны өсті
23.06.2026, 20:27
Қос елдің ортақ фильмі: Корея актерлары алматыға келді
23.06.2026, 20:26
Бүгін – Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
23.06.2026, 20:17
Бүгін - Мемлекеттік қызметшілер күні
23.06.2026, 20:11
«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті
23.06.2026, 20:10
Орта дәліздің стратегиялық әлеуеті талқыланды
23.06.2026, 20:05
Брюссельдегі келіссөздер: Ықпалдастықтың жаңа бағыты айқындалды
23.06.2026, 20:05