Басты Жаңалықтар Түркістанда халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр

Түркістанда халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр

Түркістанда түркі тілдес елдердің халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде. «Turkestan Book Fair» көрмесіне Түркия, Өзбекстан, Моңғолия, Әзербайжан сияқты ондаған елдің баспа және полиграфиялық компаниялары қатысуда. Көрме аясында жаңа кітаптардың тұсаукесері, автормен кездесу, автограф-сессиялар, балалар алаңында арнайы шеберлік сағаттары өткізілді. Атап айтқанда, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының, қырғыз жазушысы Сұлтан Раевтың «Жанжаза» романының, ақын-жазушы Ұларбек Дәлейұлының «Бату хан» романының және «Саха поэзиясының антологиясы» кітабының тұсаукесері өтті. Көрме балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға баулып, отбасымен бірге кітап оқуды насихаттау мен оқырман талғамын қалыптастыруға бағытталды. Сала мамандары халық арасында кітап оқуды насихаттау ісінде көрменің маңызы зор екенін айтады. Жәрмеңке үш күнге жалғасады.

Дәулеткерей Кәпұлы, Халықаралық көрменің ұйымдастырушысы:

Жалпы осы зиялы қауым өкілдері болсын, қоғам белсенділері болсын, бүгінгі таңға халықтың арасында кітапты насихаттау, әсіресе жастардың санасына артық білім Абай айтқан кітапта екенін сіңіру жолында еңбек ету шарасы деп ойлаймын.
 

 

Бөлісу