Басты Жаңалықтар Шымкентте болашақ аспаздар карвинг әдісін меңгерді

Шымкентте болашақ аспаздар карвинг әдісін меңгерді

Шымкентте Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінде бірінші курс студенттері үшін тағамды көркемдеп кесу өнеріне арналған мастер-класс өтті. Сабақ барысында студенттер көкөніс пен жемісті кәсіби деңгейде өңдеудің дәлдік талап ететін әдістерін үйренді. Шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып, болашақ аспаздардың эстетикалық талғамы мен қол дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Бекежан Тағайбеков, өндірістік оқыту шебері:

Бұл тек пішін беру емес, бұл тағамды өнер туындысына айналдыру. Карвинг студенттердің шығармашылық қабілетін дамытып және аспаздық салаға деген қызығушылықтарын арттыратын бағыт. Негізгі мақсат бірінші курс студенттерін өз мамандығына қызықтыру, олардың кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыру.  
 

Бөлісу