Басты Жаңалықтар Қызылордада прокуратура ІТ жобаларды таныстырды

Қызылордада прокуратура ІТ жобаларды таныстырды

Қызылордада құқық қорғау органдарының жаңа «ІТ тергеу» және «Смарт білезік» жобалары таныстырылды. Прокуратураның бастамасымен іске асырылған жаңашылдықтар бүгінде қылмыстың алдын алуда оң нәтижесін беріп жатыр. 

Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидатын күшейтуді міндеттеген болатын. Осыған орай, қадағалаушы орган халықаралық деңгейдегі заң ғалымдарын шақырып, ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Құқық қорғау органдары заман талабына сәйкес ІТ технологияларды жұмыс процесіне енгізуге мүдделі. Осындай тың жобалар жүзеге асқалы өңірде қайта қылмыс жасау 60 пайызға төмендеген. Сондай-ақ, қылмысты жылдам әшкерелеу көрсеткіші артқан.  

Ризабек Ожаров, облыс прокуроры:

Қазіргі таңда түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Оның ішінде бәрі құқықтық база толық қабылданған. Енді біздің қолымызда барлық реформаларды әрі қарай ілгерілету. Біздің сана-сезімімізді өзгерту. Жаңа өзіміздің ұғымдарымыз болу керек.
 

Бөлісу