«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды. Олардың қатарында халықаралық және республикалық байқаулардың, білім додалары мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары бар. Үздіктерді елордада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева марапаттады. «Сіздердің жетістіктеріңіз ертеңгі болашаққа деген ізгі үмітке жетелейді. Мемлекет басшысы да әрдайым өз сөздерінде жастарға қолдау білдіріп, үлкен сенім артып келеді. Бұл ауқымды бастамалардың барлығы жаңа идеологияның маңызды бөлігі» деді министр. Бұл ретте жастардың Президент бастамашы болған «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» бастамаларына атсалысып жатқанын атап өтті. Айта кетсек, биылғы жылдың ерекшелігі - сыйақының көлемі ұлғайды. Жылда 600 мың болса, енді 1 миллион миллион теңге. Жалпы, бүгінге дейін «Дарын» жастар сыйлығы 360-тан астам азаматқа табысталған.
Әлия Іңкәрбек, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты:
Дәл қазір толқыныс үстіндемін. Бұл жақсы жаңалықты естігенде сенбедім. Ұйымдастырушылық деңгей өте жоғары. Дарын сыйлығын алу оңай емес, себебі үлкен еңбекпен, ізденіспен біздің замандастарымыз жүріп өтті. Осының бәрі жастарға деген мемлекеттің қолдауын көрсетеді.
Отыз жылдан астам тарихы бар «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы – жас өнерпаздардың арасындағы шоқытығы биік, мәртебесі бөлек марапат. Лауреаттар «Ғылым», «Эстрада», «Классикалық музыка», «Халық шығармашылығы», «Спорт», «Дизайн және бейнелеу өнері» секілді номинациялар бойынша анықталады. Бүгінге дейін «Дарын» жастар сыйлығы 360-тан астам азаматқа табысталған.
Қайрат Қамбаров, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің комитет төрағасы:
360 жас туралы айтатын болсақ, ел арасында мықты ағалары бар. Спорт саласына келсек - Дегтеров. Яғни қай салада да жетістікке жеткен өзіміздің таланттарымыз бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы