Басты Жаңалықтар «Копенгаген»-«Қайрат» матчы: Қос команданың қазіргі көрсеткіштері қандай?

«Копенгаген»-«Қайрат» матчы: Қос команданың қазіргі көрсеткіштері қандай?

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бесінші туры аясында «Копенгаген» өз алаңында «Қайратты» қабылдайды. Кездесу бүгін «Паркен» стадионында өтеді. Қос команданың қазіргі көрсеткіштері қандай?

Азамат Бейбітұлы, тілші:

«Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «Копенгагенмен» кездеседі. Екеуі турнирдің кестесінде көршілес тұрған командалар. Ұпайлары да ұқсас. Дат клубы жалғыз ұпайын немістің «Байерімен» тең түскенде алды. Одан кейін қатарынан үш рет ұтылды. Біздің «Қайрат та» бір ұпайды өз алаңында еншіледі. «Пафоспен» тең түстік. Екеуінде де турнир кестесіндегі  гол айырмашылығы бірдей десек  те болар.  Клубтардың өз елдеріндегі доп додасындағы жағдай екі бөлек. «Қайрат» Қазақстан чемпионатын жеңді. Ал «Копенгаген» өз елінің біріншілігенде төртінші орында келе жатыр. Оларда бәсеке мен науқан енді қыза түсті. Жалпы, дат клубы «Қайраттан» 4 есе қымбатқа бағаланады. Енді матч алдындағы құрамға тоқталсақ. «Копенгаген» өзінің бірнеше үздік ойыншыларынсыз алаңға шығады.  Олар жарақатына байланысты матчқа қатыспайды деген ақпарат бар. Ал «Қайраттың» құрамында Александр Мартынович жарақатынан толық айықпаған сияқты. Интердің қақпасына тарихи голды салған Офри Арад болса бүгінгі ойынға шықпайтыны анық. Сарапшылар қос команданың күші тең деп жатыр. Бірақ «Копенгаген» ойынды баяу бастап, матчтың 30-ыншы минуттарында ғана қыза түсетін команда. Оның үстіне гол көп өткізеді.  Бұл «Қайратқа» жылдам есеп ашып алуға мүмкіндік. Ашығын айту керек, чемпиондар лигасындағы «Қайраттың» көрсеткішін тамаша дей алмаймыз. Алайда жанкүйерге жағымды әрі әсерлі сәттер болды. Мысалға, Италяға барып, әйгілі «Интердің» қақпасына тарихи гол салып, тартысты өнер көрсетті. Тіпті есепті тең ұстап қалуға да мүмкіндік болды. «Копенгаген» де жақсы команда, бірақ, «Интерден» ауылы алыс. Қорыта айтқанда, темір қақпаданда берік Темірлан сейфтен салтанат жасап, «Бельгияның» қақпасына ұлттық құрамадағы дебюттік голын салған Дастан Сәтбаев осы жолы да сәтті өнер көрсетер деп сенеміз. Олардан басқа да үздік ойыншыларымыз жетеді. Ал матчты «Qazaqstan» телеарнасы сағат 22:35-те тікелей эфирде көрсетеді». Тамашалап, «Қайратқа» жанүкйер болайық!


Бөлісу