Атырау облысындағы 43 ауыл интернетке қосылады
Атырау облысында шалғайдағы 43 ауылға интернет тартылады. Бұл жұмыстар «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жүзеге асып жатыр. Бүгінге дейін Исатай, Махамбет, Құрманғазы, Қызылқоға, Индер аудандарының 14 елді-мекені толықтай ғаламтормен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ байланыс сапасын арттыру мақсатында биыл 7100 абонентті оптикалық желіге ауыстыру, 31 шақырым талшықты-оптикалық кабель тарту, 289 базалық станцияны жаңғырту және 5G технологиясымен іске қосу жоспарланып отыр. Мұның игілігін көріп отырған елді-мекендердің бірі Кетебай ауылы.
Саягүл Қыстауова, Кетебай ауылының тұрғыны:
Бұған дейін интернет болмаған уақытта ешкіммен байланысқа шыға алмаймыз, балаларымызбен сөйлесе алмаймыз. Қазіргі уақытта барлығы жақсы. Телефонымызды қосып жібереміз де жан-жақпен сөйлесіп, бір-бірімізге жаңалығымызды айтып отырамыз.
Дархан Қапашев, Жарсуат ауылдық округінің әкімі:
Бұл құрылғының үлкен көмегі болып тұр. Тұрғындар өзінің қолжетімді интернет байланысына шығып, Egov арқылы кез-келген қызметтерді пайдаланып отыр күні бүгінде.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда тағы жүз көшет екті
21.10.2026, 17:12
Ақтөбеде қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт салынып жатыр
21.10.2026, 17:10