Өзбекстанда суды есептеу сандық жүйеге көшеді
Өзбекстан суды тарату мен су шығынын есептеуді толық электронды форматқа көшірмек. Бүгінде мемлекет су кадастрын жасақтап жатыр. Мақсат – суды үнемдеуді одан әрі жетілдіре түсу. Суды есепке алу бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе құрылған. Шаруаларға белгілі бір лимит бекітіледі. Арнайы мониторинг орталығы судың балансы мен тұтыну көлемін талдап отырады. Тіршілік нәрін тарату автоматты түрде жүзеге асады. Сәйкесінше су ресурстарын басқарудың тиімділігі артады. Суды дәл өлшеуге, пайдаланылған су көлемін нақты есептеп, тұтынушыларға жеткізуге мүмкіндік туады.
Зокир Ишпулатов, Өзбекстан Республикасы су шаруашылығы министрінің орынбасары:
Бар суды ысырап етпеуге күш салып келеміз. 1,5 мың шақырым магистралды су тораптарын, аймақтарда жалпы ұзындығы 25 мың шақырымды құрайтын каналдардың табанын бетондау жүргізілді. Соңғы үш жылда шетелден 1,5 млрд доллар инвестиция тартылды. Ірі жобаларды осы қаражат есебінен жүзеге асырып жатырмыз.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54