Басты Жаңалықтар «Қайрат» футболшылары Данияда жаттығуларын өткізді

«Қайрат» футболшылары Данияда жаттығуларын өткізді

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Дания астанасына барып, матч алдындағы алғашқы жаттығуын өткізді.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бесінші туры аясында «Копенгаген» өз алаңында «Қайратты» қабылдайды. Кездесу бүгін «Паркен» стадионында өтеді. Ойынды Қазақстан телеарнасы тікелей эфирде сағат 22:35-тен бастап көрсетеді. Төрт турдан кейін «Копенгаген» мен «Қайраттың» әрқайсысында бір-бір ұпайдан бар және олар жалпы кезең кестесінде 33-інші және 34-інші орындарды иеленіп отыр. Дат клубы тек соғылған және жіберілген голдар айырмасы бойынша ғана жоғары тұр. Бүгінгі матч алдында «Қайраттың» бас бапкері мен қорғаушысы клубтың әлеуметтік парақшасында пікірлерін жариялаған болатын. Тындап көрейік.

Рафаэль Уразбахтин, «Қайрат» ФК бас бапкері:

Чемпионат аяқталғаннан кейін біраз үзіліс болды. Біз алдағы матчты асыға күтеміз. Демала беріп шаршап кеттік. Тынығатын, дайындалатын уақытымыз болды. Жақсылап ойнап, жақсы нәтиже көрсетеміз деп сенемін.

Луиш Мата, «Қайрат» ФК қорғаушысы:

Біз осында – Чемпиондар лигасына оралғанымызға қуаныштымыз. Алда бізді «Копенгагенмен» өтетін маңызды ойын күтіп тұр. Команда ұзақ дайындалды әрі осы матчқа барынша дайын. «Қайрат» жақсы нәтижеге жетеді деген үміттемін.


Бөлісу