Ақтөбеде ертектегідей үй бар
Ертектегідей үй! Ақтөбе қаласындағы көп қабатты үйдің ауласы мен кіреберісі өткен-кеткендердің таңданысын тудырды.
Өйткені тұрғындар ауызбірліктің арқасында айналаны абаттандырып, үйдің кіреберісін ерекше әсемдеген. Ол үшін арнайы суретшілер шақырылған. Мұнда жәй сурет қана емес, оны әрлеуге қыш тақтайшалар мен ағаш қолданылған. Тұрғындар өздеріне ортақ дәлізді әрқашан таза ұстап, екі-үш жыл сайын суреттердің бояуын жаңартып отырады.
Рая Өтеулиева, қала тұрғыны:
Көршілеріміз де өте тамаша. Осы подьезде 2-3 адам бармыз үлкен. Қалғанының бәрі жастар. Айтқанды тыңдайды. Ұйымшылмыз.Таза, келген адамдар қызығады келген сайын біздің үйге.
Тұрғындар қала әкімдігі ұйымдастыратын«Үлгілі үй», «Үлгілі аула» секілді байқауларға қатыспаған. Өйткені мұның бәрін байқау үшін емес, өзіміз үшін істедік дейді. Үйдің кіреберісіндегі терезелердің алдына бөлме гүлдері өсірілген. Оның күтіміне және тазалыққа жауапты адам бар. Тұрғындардың өздері жиі-жиі сенбілік ұйымдастырып тұрады. Үйдің қас беті мен ауланы абаттандыруға да көңіл бөлінген.
Ғарифолла Қалмағамбетов, қала тұрғыны:
Өзім қызыққам подьезге, бұл подьезге. Мен үй алмаймын, бұл жаққа келмеймін деп жүр едім, мына подьезді көріп, қызығып кетіп, алдым. Кіріп келе жатсаң, садикке, офиске кіріп келе жатқандай болдым. Содан кейін 2018-де көшіп келдім.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы