Семейде «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалі өтті

28.01.2019

Өнер керуенін ұйымдастырған «Нұр Отан» партиясы мен облыс әкімдігі. Фестиваль ұлттық өнерді дәріптеп, төл мәдениетімізді түлете түсіруді көздейді. Семейден бастау алған дәстүрлі өнер мерекесіне еліміздегі ең танымал термеші, дәстүрлі әншілер мен күйшілер қатысты. Ұмыт болып бара жатқан көне музыкалық шығармалар орындалып, қалың көрерменді думанға бөледі. Алда «Ұлы даланың көне сарындары» фестивалі еліміздің 15 облысында да ұйымдастырылып, Жетісу жерінде қорытындыланбақ.

Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

- Осындай үлкен бастаманы ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған Семей өңірінен бастауымыздың да ерекше орны бар.

Ержан ЖАҚЫП

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу