Алматыда көлік жөндейтін орталық өртенді
Алматыда жеке тұрғын үй аумағында орналасқан техникалық қызмет көрсету орталығы, монша мен дүкен өртке оранды. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қызыл жалын әлі сөндіріліп жатыр.
Айдана Қуантхан, тілші:
Біз қазір өрт шыққан аумақ – Сейфуллин даңғылындамыз. Қою түтін қаланың біраз бөлігін басып қалды. Мұнда өрт сөндірушілер әлі де қарқынды жұмыс істеп жатыр. Аумақ толықтай қоршауға алынған. Қызыл жалын шарпыған жеке тұрғын үй аумағында көлік жөндеу орталығы, монша және бөлек тұрған дүкен өртенген. Оқиға орнында өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда. Құтқарушылар өртті жоғары деңгей бойынша сөндіріп жатыр. Су үздіксіз беріліп тұр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04