ШҚО туристік мекендер интернетпен қамтылады
Алдағы бір-екі жылда шығыстағы туристер көп келетін демалыс нысандары интернетпен толық қамтылады. Қазан айынан бері Сарыбел ауылында ұялы байланыстың антенасы орнатылып жатыр. Бұл Бұқтырма су қоймасының жағасындағы демалыс орындары ең көп шоғырланған жер. Суы тұнық,құмы майда. Сондықтан жаз шыға туристер мен демалушылар ағылады. Соңғы 5 жылда жүздеген демалыс нысандары салынды. Алайда былтырға дейін дұрыс электер желісі де жоқ болатын. Биыл жазда ол мәселе толық шешілді. Енді ұялы байланыс пен интернет желісіне қосылмақ. Мамандар ескі жабдықтарды толық алып, орнына заманауи қондырғылар орнатуда. Енді үш ірі мобильді оператордың антенналарын біріктіріп жатыр.
Серік Нүлеев, байланыс операторының өкілі:
Негізгі жұмыстар істеліп жатыр. Қазір жұмыстың ортасына келді деп айтамын. Кабельдерін тартамыз. Антендары, бәрі құрылғысы ілініп тұр.
Назиға Ибраева, Сарыбел ауылының тұрғыны:
Ауылымыз қазір бұрынғыдай емес, жайнады, жаңарды. Мынау жаңа заман талабына сай. Туризм бізде дамып келе жатыр. Жылына қаншама адамдар ауылға келеді. Халықтың әл-ауқаты да жақсарып келе жатыр.