Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымын көбейту жоспары қабылданады
Алдағы жылдары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы сауда көлемі жылына 1 млрд доллардан асады. Сердар Бердімұхамедовтың Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде Президенттер тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жұмыс жоспарын қабылдауды ұсынды. Қазірдің өзінде алыс беріс жыл сайын жарты миллиард доллардан асып жығылады. Көлік-транзит саласы да стратегиялық басымдыққа ие. Бұл орайда Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізінің маңызды буыны ретінде Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржол бағдары ерекше рөл атқарады. Екі ел арасында тасымал көлемі он айда бір жарым миллион тоннаға жеткен. Логистиканың жеңілдеуі тауар айналымына да жаңа серпін беретіні анық.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақ пен түрікмен – ежелден достығы жарасқан туыс халықтар. Біздің тарихымыз және мақсат-мұратымыз – ортақ, мәдени-рухани құндылықтарымыз – бір. Біз Түрікменстанмен ынтымақтастықты тату көршілік және өзара қолдау рухында барынша нығайтуға айрықша мән береміз. Жарқын болашаққа бірге қадам басу үшін күш жұмылдырамыз.
Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Президенті:
Саяси-дипломатиялық салада Түрікменстан мен Қазақстан жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы ықпалдастық орнатқан. Атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, энергетикалық тұрақтылықты нығайту, көлік байланысын ілгерілету, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу және климат өзгерісіне қарсы күрес мәселелері бойынша ұстанымдарымыз ортақ.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-дағы Шанағаты ауылында ауа температурасы – 56 градусты көрсетті
18.01.2026, 21:22
Трамптың Гренландияны тартып алу жоспарына қарсы мыңдаған тұрғын наразылық акциясына шықты
18.01.2026, 20:10
Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге жасалған шабуылға байланысты СІМ мәлімдеме жасады
18.01.2026, 20:09
Д.Трамп: Иранға жаңа басшыларды іздейтін уақыт келді
18.01.2026, 20:07
21 жастағы Нұрайдың өлімі: Жақындары ең ауыр жаза тағайындауды сұрап отыр
18.01.2026, 20:02
Энергетикалық сусын, тәтті тағам, фаст-фуд: Бедеулікке не себеп?
18.01.2026, 20:01
Қайтыс болған 996 адамға 3 640 рет қызмет көрсетілген
18.01.2026, 19:59
Сарапшы: Суды үнемдеуден бұрын оны есептейтін жүйе жоқ
18.01.2026, 19:51