Оралда күзетшілер алаяқтардың алдын ораған
Оралда сауда орталығының сатушылары мен күзет қызметкерлері алаяқтарға ақша аудармақ болған тұрғындарды райынан қайтарды. Осылайша алданудың алдын алуға сеп болды. Полиция мәліметінше, сатушы телефонмен сөйлесе жүріп, бірнеше рет терминалға жақындаған қызды байқайды. Біреудің айтқанымен, ақша аудармақ болғанына күдіктенген сатушы бірден күзет қызметкерін шақырады. Дәл сондай оқиға тағы бір рет тіркеледі. Бұл жолы күзет қызметкері қырағылық танытып, ақша жіберу әрекетін тоқтатады. Егер сатушы мен күзетшілер араласпағанда, шығын 8 млн теңге болар еді. Полиция департаментінің өкілдері тұрғындарға көмектескен сауда орталығының қызметкерлеріне алғыс білдіріп, құрмет көрсетті. Жыл басынан бері 416 алаяқтық қылмыс дерегі тіркелген.
Ғали Мұханбет, күзет қызметкері:
Банкоматқа ақша салып жатқан уақытта сыртынан қалағалап, бақылап жүреміз. 500 мыңнан артық салған адамдарды күдікке аламыз. Сол жөнінде өзіміздің басшылыққа хабар беріп, сол уақытта алаяқтардың жолын кесуге өз үлесімізді қостық деп есептеймін.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09