Еліміздің бірнеше аймағында көктайғақ болып, жол жабылуы мүмкін
Ақмола, Жетісу, Павлодар мен Қарағанды облыстарында қар аралас жаңбыр жаууына байланысты көлік жүргізушілеріне жылдамдықты асырмай, қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтау ескертілді. Қарағанды облысындағы ахуалды әріптесім Жандос Бақытұлынан білейік.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Қарағандыда таңнан бері жаңбыр себелеп тұр. Өткен апта қар жауып, күн суытып еді, енді барлығы қайта еріп, көлік қозғалысы да біршама қиындады. Алайда қыс қыр астында. Сондықтан мамандар, алдағы күндері күн күрт суытуы мүмкін дейді. Мәселен, ертең өңірдің шығысында көк тайғақ болып, жол бірнеше бағытта жабылуы мүмкін. Ал оңтүстікте қалың тұман болады дегем болжам бар. Солтүстікте желдің екпіні секундына 15 метрге дейін күшейеді. Сондықтан, құтқарушылар көлік жүргізушілеріне барынша сақ болып, жол ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елдорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25