Атырау облысында кеміргіш қаптап, тағы екі білім ордасы жабылды
Атырау облысында тышқан қаптап, тағы бір мектеп пен балабақша жабылды. Махамбет ауданы Сарайшық ауылының тұрғындарын зәрезап қылған кеміргіштер енді қала іргесіндегі Алмалы ауылының жұртын әбігерге салды. Кеше білім ордалары толық дератизацияланып, 1000 бала онлайн оқуға ауыстырылды. Ауыл шетіндегі үйлерде кеміргіш қаптап, тұрмыстық жабдықтарды бүлдірген. Тұрғындар өз бетінше зиянкестерді ұстап, өлтіріп жатыр. Бүгін обаға қарсы күрес станциясының мамандары арнайы сараптама жүргізеді. Ал Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс, Аққайың, Талдыкөл ауылдарындағы үй-жайларды жаппай улау басталды. Айналадағы шөп шабылып, тазартылып жатыр. Тышқандардан алынған сынамаға сәйкес ешқандай ауру белгілері анықталған жоқ дейді санитарлар.
Зүлфия Қайреденова, облыстық СЭБ департаментінің бас маманы:
Облыс бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Барлық кеміргіштерге қатысты деротизациялық шаралар ҚР Денсаулық сақтау және халықтың денсаулығын сақтау туралы заңының 360 кодексінің 107 бабына сәйкес жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы