Маңғыстауда құсбегілер сайысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда құсбегілер сайысы өтті

22.01.2019

Маңғыстаулық құсбегілер сонарға шықты. «Қазақтың бір құмары – бүркіт, тазы» атты құсбегілік пен саятшылықты насихаттауға арналған шара «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде болды. Сонарға облыстағы құсбегілер мен 30-ға жуық тазы иелері қатысты. Дәстүрлі шара 2013 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бір қуантарлығы, қатысушылар мен көрермендердің қатары жыл сайын артуда. Саятшылар жарысында тазылардың жүйріктігі тексерілді. Араларынан ит баптап, атбегілікпен айналысатын Әлеке Бөлтековтің құмай тазысы қанжығасын майлады.

Әлеке Бөлтеков, ит баптаушы:

- Таза қанды құмай тазы. Түбі Көкшетаудан келген. Бүгінгі мәдени шараға атсалысып, келіп тұрған жайымыз бар. Шырға тартудан І орын алды.

Жомарт Айдарбек, «Отпан тау» МКҚК көпшілік экскурсия бөлімінің меңгерушісі:

- Ата-бабамыздың салтымен әрі аңшылық, әрі кәсіп, әрі өнер қылып көрсету мақсатында бастаған едік.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу