Ұлттық банк алаяқтардан сақ болуға шақырды
Ұлттық банк қазақстандықтарға үндеу жасады. Қазір азаматтарға SMS арқылы шотына ақша аударылғаны туралы жалған хабарлама келіп жатыр. Кейін алаяқтар қоңырау шалып, қаржыны қайтаруды сұрайды. Банк мұндай жағдайда бірден полицияға хабарласуға кеңес береді. Кей жағдайда шотыңызға шынымен ақша аударылуы мүмкін. Бұл схемада да алаяқтар қоңырау шалып, қаржыны қайтаруды сұрайды. Бірақ басқа шот нөмірін жібереді. Айтқанын орындасаңыз заңсыз ақша шығару схемасының қатысушысына айналуыңыз мүмкін. Бұл жағдайда да құзырлы органдарға хабарласқан жөн.
Гүлфар Артықбаева, ҚҰБ қауіпсіздік департаментінің жетекші маманы:
Өзгеден келген ақшаны қайтару амалын нақтылау үшін дереу банкке хабарласқан дұрыс. Қажет болса тиісті өтінішті тапсыру үшін банктің ең жақын бөлімшесіне бару керек. Еске сала кетейік, Ұлттық банк қызметкерлері аудио және видео қоңырау шалмайды. Жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді. Халықпен де ақшалай есеп айырыспайды. Егер алаяқтық әрекетке тап болсаңыз ҚР құқық қорғау органдарына арыз түсіруге кеңес береміз.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17