Президент елшілерден сенім грамотасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамотасын қабылдады. Ақордаға келген Израиль мемлекетінің, Қырғыз, Куба, Ливан, Зимбабве және Самоли Федеративтік Республикаларының елшілері Қазақстанның рәміздеріне құрмет көрсетті. Ресми рәсімнен соң Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ішкі саясатында қолға алынған бастамалар жөнінде айтты. Бұл жұмыстар Әділетті Қазақстанды құруға, «Заң және тәртіп» қағидатына негізделген. Елшілерді дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтап, Қазақстан тарапы олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Фатхудин Али Мохамед, Сомали Федеративтік Республикасының елшісі:
Бұл - мен үшін тарихи күн. Өйткені мен Самолидің Қазақстандағы ең алғашқы елшісімін. Елшіліктің жұмысын бастау туралы келісімге жуырда Нью-Йорк қаласында қол қойылған. Болашақта екі елдің арасында білім беру, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларындағы байланыс арта түседі деп сенемін.
Құдайберген Базарбаев, Қырғыз Республикасының елшісі:
Қазақстанда Қырғыз республикасының елшісі ретінде жұмыс істейтініме қуаныштымын. Біздің ынтымақтастығымыз бұрынғыдай тығыз болып қалатынына сенімдімін. Оны еселей түсу үшін барымды саламын.
Альфредо Федел Ниевес Портуондо, Куба Республикасының елшісі:
Қазақстан мен Кубаның саяси көзқарасы өте ұқсас. Болашақта екі елдің арасындағы экономикалық байланысты жандандыра түсу керек деп ойлаймын. Ол үшін жан жақты мүмкіндігіміз бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы