Хоккейден Азия чемпиондары елге оралды
Хоккейден Азия чемпиондары елге оралды. Спортшыларды елорда әуежайынан жанкүйерлері мен жақындары ыстық ықыласпен қарсы алды.
Ұлттық құрама Бейжіңде өткен сары құрлық бәсекесінде қарсылас шақ келтірмеді. Мәселен, Оңтүстік Кореяны 4:2 етіп жеңсе, жарыс қожайыны қытай хоккейшілеріннен 5:1 есебімен басым түсті. Ал, чемпиондық атақ сарапқа салынған шешуші сында жапондарды қапы қалдырды. Осылайша, Қазақстан екінші жыл қатарынан Азия біріншілігінде топ жарып отыр.
Талғат жайлауов, Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері:
Біз үшін бұл турнир сәтті болды, көрерменге позитивті көңіл-күй сыйладық деп ойлаймын. Мен жігіттерге сендім, олар өздеріне жүктелген тапсырмасы ойдағыдай орындап шықты. Жапония құрамасы өте мықты команда. Кездесуде қарсылас тарапынан қысымның болғаны рас, десе де біздің жігіттер оны еңсере алды. Баршаңызға жеңіс құтты болсын!
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ж. Сүлейменов: Деструктивті ағымдар жаңа әдістерді қолдануға көшті
30.07.2026, 20:47
Колледждерде сұранысқа сай мамандар даярлау күшейтіледі
30.07.2026, 20:09
АҚШ Иранға қайта соққы берді
30.07.2026, 20:09
«Болашақ ойындары»: Фиджитал-баскетбол жарысы өтіп жатыр
30.07.2026, 20:08
Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады
30.07.2026, 20:05
Енді салалық дәрігерге қаралу үшін терапевт жолдамасы қажет емес
30.07.2026, 20:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
30.07.2026, 20:04
БҚО-да Құрылтай сайлауы кезінде мүгедектігі бар жандарға 55 инватакси қызмет етеді
30.07.2026, 20:03