Шымкенттік оқушы ақылды құрылғы ойлап тапты
Шымкенттік оқушы көлік жүргізушілерінің жолда қалғып кетуіне мүмкіндік бермейтін ақылды құрылғы ойлап тапты. Жүйе жүргізушінің қимылын бағып, көзі жұмылып, басы еңкейген сәтін қырағы бақылайды. Шаршағаны байқалса дереу дыбыстық сигнал қосылып, дірілмен белгі береді. Өнертапқыш Әлиханның бұл жобаны қолға алуына ағасының жол апатында қаза болуы түрткі болған екен. Бұған дейін достарымен бірге көздің шаршағанын анықтайтын көзілдірік жасап көрген, алайда ол жүргізушілерге қолайсыз болған. Екі айға созылған тәжірибеден соң олар құрылғының пайдалануға ыңғайлы нұсқасын жасап шықты.
Алихан Әкім, 11-сынып оқушысы:
Заманауи технологиямен, жасанды интеллект негізінде жасалған. Мұнда өзінің камерасы, мини компьютері бар және дауыс шығаратын базер де бар.
Құрылғыны қазір бірнеше жүргізуші сынақтан өткізіп жатыр. Солардың бірі –
қалааралық бағытта ұзақ жылдар көлік тізгіндеген Қайнар Қылышбекұлы. Ол жаңа
жүйенің жолдағы қауіпсіздікті арттыруға айтарлықтай көмегі бар екенін айтады.
Қайнар Қылышбек, көлік жүргізушісі:
Шынымен пайдасы бар, өте керекті дүние. Әсіресе түнгі уақытта, ұзақ жолда ұйқы тартпайды емес, тартады, ұйқы қысады. Сондай кездерде керек дүние ғой, негізі пайдалансақ өте жақсы. Шығып жатқанына қуанып, пайдаланамыз деп жатырмыз алдағы уақыттарда.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00