Қызылордада 1500 оқушыға арналған мектеп ашылды
Қызылордада 1500 орынға арналған мектеп ашылды. Бұл «Келешек мектебі» ұлттық жоба аясында салынған өңірдегі 10-шы білім ордасы. Қаланың жаңа мөлтек ауданында бой көтерген заманауи мектептің ашылу рәсіміне Оқу-ағарту министрі барды. Барлық сыныпта оқушы саны толық, балалар екі ауысыммен оқиды. Мұнда оқушылар білім алып қана қоймай, спортпен шұғылданып, шығармашылығын дамыта алады. Қосымша онға жуық үйірме жұмыс істейді.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Елімізде 460 мың оқушы орнына арналған 217 «Келешек мектебі» салынып жатыр. Оның 180-і қазір жұмысын бастап кетті. Пайдалануға берілді. Жалпы «Келешек мектептері» келесі білім саласының дамуының, оның ішінде мектептеріміздің негізгі орталығына айналады.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тәуелсіздік – ұлтымыздың баға жетпес байлығы»
20.10.2026, 10:47
Ақтауда теңіздің экологиялық мәселесі түсіндірілді
20.10.2026, 10:14
Мажарстанда қазақ киносының күндері өтті
20.10.2026, 10:10
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
20.10.2026, 10:09
«Құрылтай феномені» кітабы таныстырылды
20.10.2026, 10:09
Атбасардың жылу инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
20.10.2026, 10:08
Ресейде сапасы төмен бензин өндіруге рұқсат берілді
20.10.2026, 10:07
Украина бойынша саммит өткізу мәселесі талқыланып жатыр
20.10.2026, 10:06