Маңғыстау облысында құтырған түлкі оқушыларға шапқан
Маңғыстауда оқушыларға түлкі шабуылдады. Оқиға Бейнеу ауылында болған. Тапа-тал түсте сабаққа келе жатқан 1-ші және 9-шы сыныпта оқитын екі қыз балаға мектептің ауласында жыртқыш тап беріп, аяқтарын жарақаттаған. Оқушыларға сол бойда мектеп медбикесі алғашқы көмек көрсетіп, аудандық көпбейінді ауруханаға жеткізген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі баланың да жарақатына хирургиялық өңдеу жасалып, екпе салынды. Ары қарай да амбулаториялық бақылауда болады. Қазіргі уақытта жағдайлары бірқалыпты. Ал мамандар түлкіні өлтіріп, Ақтаудағы ветеринариялық зертханаға жіберген.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16