Маңғыстау облысында өрт сөндіру бөлімдері ашылды
Маңғыстауда үш бірдей өрт сөндіру бөлімі ашылды. Оның бірі Құрық ауылында орналасқан. Екіншісі Тұщықұдық елді мекенінде. Ал үшіншісі Ақтау қаласында. Облыс орталығында іске қосылған бөлім заманауи, кеңейту мүмкіндігі бар ангарлық типте салынған. Мұнда қызметкерлерге барлық жағдай жасалған. Бұл бөлім Ақтау қаласының төменгі шағын аудандарына, Приморский және Өмірзақ ауылына, өндірістік аймақтарға, сонымен қатар, теңіз жағалауындағы демалыс орындарына қызмет көрсетеді. Сондай-ақ қызметкерлерге өртке қарсы құтқару техникаларының кілті табысталды.
Мирбек Қараев, Маңғыстау облыстық ТЖД бастығының бірінші орынбасары:
Құрылыс материалдары өте ыңғайлы, тез жиналады әрі жылы болып келеді. Сол себептен бұны пайдаланған кезде қосымша болашақта күрделі жөндеуді талап етпейді және ішіне 6 техника кетеді ангарға, екі орамға өте ыңғайлы, барлығы автоматтандырылған. 45 жеке құрам штат бойынша жұмыс атқаратын болады.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16