Ақтөбе облысында үлгілі көлік жүргізушілері марапатталды
Ақтөбе облысында жыл басынан бері 331 мыңнан аса жол ережелерін бұзу дерегі тіркелген. Полицейлердің айтуынша, жылдамдықты шамадан тыс асыру және қарсы бағытқа шығу әрекеттері жиі қайталанады. Осы ретте, «Үлгілі жүргізуші-2025» акциясы ұйымдастырылды. Полицейлер ереже бұзбаған көлік жүргізушілерін жол бойынан тоқтатып, алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады. Мұндай құрметке ие болғандардың бірі – Дулат Мұхитов. Ол шаһардағы ірі мекемелердің бірінде еңбек етеді. Жұмыстан тыс уақытта да жеке көлігімен көп жүреді. Дегенмен, әрдайым ереже бұзбауға тырысамын дейді.
Дулат Мұхитов, көлік жүргізушісі:
Көбінесе сол – жылдамдықты асыру ғой. Жылдамдықты асырады, сосын пешеходтан мұқият болу керек. Барлығын жылдамдықтың мөлшерін асырмауға шықырамын. Шама келгенінше сабырлық сақтап жүргенін қалаймын.Биыл өңірде 1400 адам жүргізуші куәлігінен айырылды. Оның жартысынан астамы алкоголь ішімдіктерін мен есірткі заттарын тұтынғаны үшін жазаланған.
Серік Молдашқалиев, Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
Анықталған құқықбұзушылықтардың қорытындысы бойынша 4 млрд, 602 млннан астам айыппұл салынып отыр. Акцияның басты мақсаты – жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтайтын жүргізушілердің оң иммиджін қалыптастыру. Жол жүрісі ережелерінің барлық қатысушыларының құқықтық сана деңгейін арттыру болып табылады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10