Басты Жаңалықтар Киік популяциясының әлем бойынша 98% Қазақстанда

Киік популяциясының әлем бойынша 98% Қазақстанда

Киік популяциясының дүниежүзі бойынша 98 пайызы Қазақстанда. Бүгінде дала жануарларының саны 5 млнға жуықтайды. 2003 жылы қазақ даласындағы бөкендер 21 мыңға дейін азайып кеткен еді. Арада 20 жылдан аса уақыт өткенде олқылықтың орнын еселеп толтырдық.Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі мәлімдеді. Өзбекстанның Самарқанд қаласында Орталық Азия елдерінің экология министрлері бас қосты. Ерлан Нысанбаевтың сөзінше, сайғақтардың санын реттеу барысында көршілес елдермен арнайы меморандум жасалған. Яғни киіктер жылдың белгілі бір мезгілінде қоныс аударып жайылады. Олардың жергілікті ортаға бейімделуіне жағдай жасалған. Бұл сирек кездесетін жануар түрін сақтап қалудағы маңызды қадамдардың бірі дейді министр.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

Екі мемлекеттің арасында келісім бар, мысалы Үстірт популяциясындағы киіктер жазда бізде болады, қыста Қарақалпақстанда. Екі тарап бірігіп қорғайды, бүгінде Үстірттегі киік саны өсіп келе жатыр, бірігіп жұмыс жасағанның арқасында. Мұндай келісім Қырғыз елімен де, Ресеймен де жасалған.

Бөлісу